top of page

МҰҚЫР  ОРТА  МЕКТЕБІНЕ

ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

 

       Мұқыр орта мектебі 77 жылдық тарихы бар, 721 оқушы білім алатын Қызылқоға ауданындағы өзіндік орыны қалыптасқан іргелі білім ордасы. Бүгінге дейін мектебімізден 4 мыңға жуық оқушы орта білім алып шықты.  Олардың ішінен 1 академик, 15 ғылым докторлары мен кандидаттары шығып, ел ғылымының дамуына үлес қосты. Жазушы Мереке Құлкенов, ғалымдар Алтай Тайжанов, Ғабит Кенжебаев, Еркін Ермұқанов, самбодан әлем чемпиондары Данияр Жақсиев пен Арсен Хатип және тағы да басқа көптеген жерлестерін мұқырлықтар орынды мақтаныш етеді. Осындай іргелі білім ордасына айналған Мұқыр орта мектебі қашан, қандай тарихи жағдайларға байланысты ашылғанын анықтап көрелік.

       Мұқыр орта мектебінің тарихы Кеңес заманында Мұқыр ауылдық округының территориясында болған «Гурьев» қаракүл қой зауытының тарихымен тығыз байланысты. 1930 жылы облысымызда алғашқы болып орталығы Таңдай селосында орналасқан «Гурьев» кеңшары  құрылады. Одан кейін «Бақсай» кеңшары бөлініп шығады. Мал жайылымының тапшылығына байланысты «Гурьев» кеңшарының мал - жаны 1940 жылдары Мұқыр аймағына көшіп келеді. Гурьев облыстық кеңесі атқару комитетінің 1941 жылғы 23 сәуірдегі шешімімен кеңшар орталығы Мақат ауданына қарасты Мұқыр темір жол бекеті болып белгіленді. Ал, 1941 жылғы 30 тамыздағы №33/32 қарарымен Таңдай орталау мектебі Мұқыр ауылына көшіп келеді. Жаңа мектеп Мұқыр орталау мектебі деген атпен 1941 жылы 15 қыркүйекте өз жұмысын бастады. Алғашқыда мектеп теміржолшылардың шпалдан салынған 4 бөлмелі үйіне орналасты. 100-ге тарта оқушыға 9 мұғалім сабақ берді. Олар мектеп директоры Әбілов Раушанбай, оқу ісінің меңгерушісі Тасбаев Бағыт, мұғалімдер Жұмағалиев Бағыт, Әбілов Зікірбай, Жандауов Зейнеден, Қасымов Сағын, Баймұқанов Қожантай, Есенғалиев Қабдеш, Қалиманов Құсайын еді. 1942 жылы 4 қыркүйекте мектеп директоры Әбілов Раушанбай соғысқа алынып Сталинград майданында минометші болып шайқасты. Ағайымыз соғыстан аман келіп білім беру саласындағы қызметін әрі қарай жалғастырды. 1946 – 1950 жылдары қайтадан Мұқыр орталау мектебінің директоры болды.

       Соғыс жылдары ер мұғалімдер түгелдей майданға кетіп, орындарын арнаулы білімдері жоқ болса да әйел адамдар толықтырды. Бұл кезде Жұбатқанова Қайша директорлық қызмет атқарды. 1948 ж. мектепте 7 сынып, 146 оқушы, 9 мұғалім болды. Кеңшар әкімшілігі 1950 жылы жеті бөлмелі мектеп үйін салып берді. 1951 жылы мектеп жанынан 20 балаға арналған интернат ашылды. Интернаттың алғашқы меңгерушісі Есеев Нұрбай болды. 1956 – 1957 оқу жылында мектебіміз орта мектепке айналып, 26 түлек орта білім туралы аттестат алып шықты. Хрущевтің мектептерді политехникаландыру саясатына байланысты 50 – жылдардың соңында мектебіміз 2 жылдай оқушыларға білімді еңбекпен ұштастырып беретін 11жылдық мектепке айналды.

       1969 – 1970 оқу жылында мектеп ауданда алғашқы болып типтік жобамен салынған 536 орындық 3 қатарлы сәулетті ғимаратқа көшті. Оның  құрылысын Ленинград педагогика институтының студентері мен кеңшар құрылысшылары жүргізді. Осы мектеп ғимараты әлі күнге дейін мұқырлық өрендерді білім нәрімен сусындатып келеді. Қазіргі кезде мектепте 721 оқушы білім алуда. Оларға 113 мұғалім дәріс береді. Мектеп жанындағы интернатта Сарқұмақ, Соркөл, Тасқұдық, Қоңыраулы, Жантерек елді мекендерінен 53 оқушы білім алуда. Төменде мектеп өміріне қатысты кейбір деректерді келтіре кеткенді жөн көрдім.

 

                                       Мектеп директорлары:

 

1. Әбілов Раушанбай                           1941 – 1942 жж., 1946 – 1950 жж.

2. Жұбатқанова Қайша                        1942 – 1946 жж.

3. Жандауов Зинеден                           1950 – 1952 жж.

4. Аманиязов Серік                              1952 – 1953 жж.

5. Жұмағазиев Боран                           1953 – 1955 жж.

6. Қойшыбаев Өміртай                        1955 – 1959 жж.

7. Шоматов Қожабай                           1959 – 1961 жж.

8. Қалиева Жақұт                                 1961 – 1963 жж.

9. Бермағанбетов Темір                       1963 – 1967 жж.

10. Марданов Парух                           1967 ж. (3 ай)

11. Дүйсеғалиев Әбдірахман               1967 – 1968 жж.

12. Ерғалиев Аманияз                          1968 – 1971 жж.

13. Дөшкенов Жолдықайыр                1971 – 1975 жж.

14. Кетебаев Қайыржан                       1975 – 1976 жж.

15. Ноғайбаев Шанықұл                      1976 – 1979 жж.

16. Барсаева Бақыт                               1979 – 1990 жж.

17. Мұқанбетқалиев Қоныс                  1990 – 1992 жж.

18. Мақымов Батыр                             1992 – 1998 жж.

19. Сәрсембаев Аманкелді                   1998 – 1999 жж.

20. Айтқожақов Ермек                         1999 – 2005 жж., 2008 – 2010 жж.

21. Майланов Қобылан                        2005 – 2008 жж.

21. Жақсиева Гүлбиназ                        2010 – 2014 жж.

22. Мусағалиев Тағыберген                 2014 – 2017 жж.

23. Мырзағали Венера                         2017 ж. бастап         

  

                             Мектеп түлектері – ғалымдар:

 

1. Тайжанов Алтай – филология ғылымдарының докторы, профессор,

                                   Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі

2. Кенжебаев Ғабит – тарих ғылымдарының докторы, профессор

3. Ермұқанов Еркін – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

4. Бөлеков Санақбай – тарих ғылымдарының кандидаты

5. Жұмалин Сағынғали – техника ғылымдарының кандидаты

6. Қаражанов Дүйсен – техника ғылымдарының кандидаты

7. Рахметқалиев Кәкімжан – химия ғылымдарының кандидаты

8. Есенәлиева Мәншүк - химия ғылымдарының кандидаты

9. Ерғазиев Тілепқазы – биология ғылымдарының кандидаты, профессор

10. Әбдешов Баязи – филология ғылымдарының кандидаты

11. Барсаева Бақыт – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

12. Жұманова Тәрбие – математика ғылымдарының кандидаты, доцент

13. Жұманова Зейнел – философия ғылымының докторы, профессор

14. Қайырғалиева Майра – экономика ғылымдарының кандидаты, доцент

15. Шәпиев Бақтығали – философия ғылымдарының кандидаты

16. Қарамурзин Бақберген – химия ғылымдарының докторы

 

Мектеп түлектері – елге белгілі тұлғалар:

 

1. Құлкенов Мереке – жазушы, баспагер

2. Кенжебаев Ғабит – АлМУ проректоры

3. Әбдуәлі Марат – ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы

4. Мұқанова Ақмарал – Туссон университетінің (АҚШ) кафедра меңгерушісі

5. Сұлтанова Арайлым – Англиядағы елшілік қызметкері

6. Қабылов Нұрлан – журналист

7. Шөпеғұл Жолдасбек – «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі

8. Қарамурзин Бақберген – Англияда мұнай саласының қызметкері

9. Жақсиев Данияр – самбодан әлем чемпионы

 

                 Мектепті алтын медальмен бітіргендер:

 

1. Елешов Аманжол – 1962 ж.

2. Зинуллина Сәуле – 1982 ж.

3. Мұқанова Ақмарал – 1992 ж.

 

                          Мектепті күміс медальмен бітіргендер:

 

1. Көпбергенов Серікқали – 1962

2. Сахиев Ақниет – 1964 ж.

3. Мұқанбетқалиева Нұргүл – 1986 ж.

4. Әбдешова Гүлмира – 1987 ж.

5. Мұқанбетқалиева Нәйла – 1988 ж.

6. Исамберлиева Гүлмира – 1988 ж.

7. Құбашева Ажар – 1991 ж.

 

                       «Алтын белгі» иегерлері

 

1. Мұратбекқызы Алтынай – 2004 ж.

2. Қартабаева Шолпан – 2005 ж.

3. Төлегенқызы Рысжан – 2010 ж.

4. Базар Айнұр – 2012 ж.

5. Базар Айгүл – 2012 ж.

6. Базар Айдос – 2017 ж.

7. Қожағали Гүлрайхан – 2017 ж.

 

     «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі» (ҚР білім беру ісінің үздігі)   

                            белгісімен марапатталған мұғалімдер:

 

1. Адаева Жібек                                11. Қайыров Ізбасар

2. Әлиев Тайыр                                12. Мырзағалиева Ғайни

3. Байғабатова Шынар                     13. Құбашев Нәсіпқали

4. Дүйсеғалиев Әбдірахман             14. Маулимов Сапар

5. Ғұсманов Жайғали                       15. Мұқанбетқалиев Қоныс

6. Дөшкенов Жолдықайыр              16. Сәрсембаев Аманкелді

7. Қалиева Жақұт                             17. Тәжиев Битоли

8. Есенғалиев Ғиниятолла               18. Махамбетов Керей

9. Қалпақов Муса                             19. Тілепова Қымбат

10. Барсаева Бақыт                           20. Айтқожақов Ермек

 

          «КСРО халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен марапатталған:

1. Барсаева Бақыт

 

                                   «Әдіскер мұғалім»

1. Мұқанбетқалиев Қоныс

 

                                          «Аға мұғалім»

1. Қалиева Жақұт

2. Барсаева Бақыт

3. Бөлекбаева Қанзиба

ДАТЫ МЕРОПРИЯТИЙ
12 ЯНВ.

Это текст. Нажмите здесь, чтобы отредактировать его и добавить свой текст. Расскажите вашим пользователям о себе.

28 ЯНВ.

Это текст. Нажмите здесь, чтобы отредактировать его и добавить свой текст. Расскажите вашим пользователям о себе.

05 ФЕВ.

Это текст. Нажмите здесь, чтобы отредактировать его и добавить свой текст. Расскажите вашим пользователям о себе.

30 июля 2023 г.

Это текст. Нажмите здесь, чтобы отредактировать его и добавить свой текст. 

КОНТАКТНАЯ ИНФОРМАЦИЯ
НОВОСТИ ШКОЛЫ

23 июля 2023 г.

Это текст. Нажмите здесь, чтобы отредактировать его и добавить свой текст. 

12 июля 2023 г.

Это текст. Нажмите здесь, чтобы отредактировать его и добавить свой текст. 

Москва, Россия 

Ул. Карла Либкнехта, 4д   

Тел.: +7 (495) 000 00 00 

Факс: +7 (495) 000 00 00    

info@mysite.com

  • Facebook Social Icon
  • Twitter Social Icon
  • Google+ Social Icon
МЫ В ТВИТТЕРЕ
bottom of page